horizon grammatica icon icon map search arrow rss twitter facebook apply twitter facebook rss

Малайзиялық инвесторлармен кездесу

7 қарашада Алматы қаласында Алматы облысының Өңірлік дамыту орталығының алаңында Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Р. Қожасбаев, «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ Басқарма төрағасы Т. Малыбаевпен бірлесіп, SMITA қауымдастығының Малайзиялық бизнес қауымдастығының делегациясымен – қауымдастық президентімен Megane SOO және директорымен Leanne Loh, сондай-ақ қауымдастықтың мүшелерімен: Alpha One Formula SDN BHD, Delstasia SDN BHD, Quality Food Industries PTE LTD, Washupptech SDN BHD, YSL Industrial Automation SDN BHD, Biotechnology Diversified Industries және Peterson Projects and solutionsс ресми кездесу өткізді.

Кездесудің құрметті қонағы - Қазақстан Республикасының Малайзия Корольдігіндегі консулы Әміров Серік.

Осы кездесуді өткізу мақсаты инвестиция тарту және халықаралық іскерлік ынтымақтастықты дамыту мақсатында малайзиялық және қазақстандық компаниялар арасындағы ынтымақтастықты дамыту прологы болып табылады.

Дөңгелек үстел аясында Алматы облысының өкілдері қонақтарды өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларымен, «One window» және «Green corridor» қағидаттары бойынша инвесторларды сүйемелдеу жүйесімен, сондай-ақ «Жетісу» ӘКК қызметімен таныстырды.

Өз кезегінде малайзиялық делегацияның өкілдері жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Кездесу қорытындысы бойынша СМИТА Sdn. Bhd. және «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

 

Анықтама:

SMITA Academy and SMITA International Market Procurement Centre - серіктестері әртүрлі елдердің сауда қауымдастықтары мен үкіметтік мекемелері болып табылатын үкіметтік емес ұйым.