horizon grammatica icon icon map search arrow rss twitter facebook apply twitter facebook rss

Екатеринбург қаласында өтетін сауда-экономикалық форумы

Форум 2018 жылдың 16-17 қазанында өтеді.

Қазақстандық кәсіпкерлер Екатеринбургте сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырылады.

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық кәсіпкерлерді Екатеринбургтегі сауда-экономикалық миссияға қатысуға шақырады, форум 2018 жылдың 16-17 қазанында өтеді.

Іс-шараның басты мақсаты қазақстандық кәсіпорындар үшін тікелей байланыстар орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасындағы сауда байланыстарын жандандыру, сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу болып табылады.

Форумда қатысу үшін тіркеу формасын толтыру қажет.

Сұрақтарыңыз болса, Абай Абдрахмановқа хабарласыңыз: + 7 (7172) 27 90 54 (ішкі 201), e-mail: ab.abdrakhmanov@palata.kz