horizon grammatica icon icon map search arrow rss twitter facebook apply twitter facebook rss

«WILO Central Asia» ЖШС

2018 жылдың 22 тамызында «DAMU» индустриялық-логистикалық орталық аумағында (Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке қаласы, Сұлтан-Бейбарыс көшесі 1) «WILO Central Asia» ірі зауытының ашылуы Еуразия аймағының вице-президенті Йенс Дуллендферертың, Алматы облысының әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлының және Инвестициялық комитеттің төрағасы Қаиров Ерлан Қартайұлының қатысуымен өтті.


WILO Central Asia 2000 шаршы метрден астам жерде орналасқан және сорғы қондырғыларын, консольды, блок және ұңғыма сорғыштарды өндіру және сынау үшін жоғары технологиялық орталықты, ең соңғы жабдықпен жабдықталған жобалаушылар мен инженерлерге арналған оқу орталығын, сондай-ақ кәсіпорынның коммуналдық-тұрмыстық шаруашылығы үшін арнайы шешімдер мен технологиялармен қызмет көрсету орталығын қамтиды.

Қолданыстағы зауыттың өнімдері ішкі нарыққа ғана емес, сонымен қатар Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Моңғолия, Грузия, Әзірбайжан және Арменияға да жеткізілетін болады.


Атап айтқанда, «WILO» компаниялар тобы тұрғын үй сегменті, коммерциялық құрылыс, коммуналдық шаруашылық және индустрия үшін жоғары технологиялы сорғы қондырғыларын өндіру және жеткізу саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады.