horizon grammatica icon icon map search arrow rss twitter facebook apply twitter facebook rss

«Danone Berkut» ЖШС

Сүт өнімдерін өндіретін «Danone Berkut» ЖШС Индустриализациялау картасына индустриялық – инновациялық даму бағдарламасы аясында енді. Қазіргі уақытта сүт өнімдерінің жаңа түрлерін өндіретін бұл зауыт ішкі нарықты сапалы тауармен толық қамтамасыз етеді, соның ішінде үлкен сұранысқа ие сүтті сусындар, ірімшік, йогурттер, қаймақтар шығаруда. Зауыттың өндірістік процесі сүтке қойылатын бақылауды жоғары дәрежеде бақылауға және тағамдардың көп түрлілігіне, тек табиғи өнімдер дайындауға мүмкіндік береді. Сүттің сапасын бақылау сүтті қабылдағаннан дайын өнімді өткізгенге дейінгі технологиялық процестің барлық сатысында жүргізіледі. Өнімді шығару сүтті қабылдағаннан дайын өнімді қаптағанға дейін жабық жерде жүргізіледі, ал технологиялық процес толық автоматтандырылған және ол өнімнің жоғары сапасына кепілдік береді. «Danone Berkut» компаниясының саясаты халықты экологиялық таза және биологиялық құнды өніммен қамтамасыз етуге бағытталған, сонымен қатар бүгінгі күні Қазақстан мен Орталық Азия нарығында бәсекелестік тудырады.

 

Компания қабылданатын шикізатқа жоғары талаптар қояды және сүтпен қамтамасыз ететін фермерлік шаруашылыққа үлкен қолдау көрсетеді: талап етілетін сүтті дайындау сұрақтары бойынша оқыту жүргізеді, сүтті суытуға және сақтауға арналған құрылғымен қамтамасыз етеді.

 

Кәсіпорын директор: Цапаев Сергей Викторович

 

Кәсіпорын мекен-жайы: Іле ауданы, Байсерке ауылы, Сұлтан Бейбарыс, 1