horizon grammatica icon icon map search arrow rss twitter facebook apply twitter facebook rss

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС

2015 жылдың 11 желтоқсанында Индустриализациялау күніне орай «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС фармацевтикалық зауытының ресіми ашылуы Индустриализациялау Картасы бағдарламасы аясында телекөпір арқылы Елбасының қатысуымен өтті. Аталмыш компания түрік фармацевтикасының көшбасшысы болып табылады және денсаулық сақтау салсын өркендетуге 1912 жылдан бері өз үлесін қосып келеді. Алматы облысында салынған фармацевтикалық зауыт тың қуаты жылына 1,5 млрд. Таблеткалар мен капсулалар шығаруға жетеді, тауарлар номенклатурасын 200 атауға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Зауытта 120-дан астам тұрақты жұмыс орыны ашылды.

Бас директоры - Тайфун Мерич.

Кәсіпорынның мекен-жайы: Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округі, Мұхамеджан Түймебаев ауылы, өндірістік аймақ, 282 участок.