horizon grammatica icon icon map search arrow rss twitter facebook apply twitter facebook rss

«Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС

2018 жылдың желтоқсанында Қапшағай қаласында «Арна» индустриалдық аймағында орналасқан «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС өзіндік логистикалық және қойма инфрақұрылымы бар заманауи азық-түлік өндіріс зауыты ашылды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Өндірістің екінші бесжылдығы: Қазақстанда жасалған» атты жалпы ұлттық телекөпір барысында жаңа өндірістік-логистикалық орталықтың бастамасын онлайн режімде жүргізді.

Зауытта инновациялық жабдықтар орнатылған және Швейцария, Жапония және Германияның тамақ өнеркәсібіндегі әлемдік көшбасшылардың ең озық технологияларын пайдаланады. Алматы облысында жүзеге асырылған ірі жобалардың бірінің өндірістік қуаты – жылына 54 000 тонна өнім өндіру. Жобаға салынған жалпы инвестиция көлемі 15,4 млрд. теңгені құрады, 550-ден астам жұмыс орны ашылды.

«Маревен Фуд» тағам өнімдерін әзірлеу, өндіру және тасымалдауға мамандандырылған FMCG (Fast Moving Consumer Goods – күнделікті тұтынушылық тауарлар) компаниясы болып табылады. Компанияның сауда белгісіне «Роллтон» және «BIGBON» сияқты танымал брендтері, сондай-ақ Mareven Food Professional кәсіби аспаздық бренді кіреді. Барлық өнімдер ISO 9001:2008 жоғары сапа менеджменті стандарттарына сәйкес келеді.