horizon grammatica icon icon map search arrow rss twitter facebook apply twitter facebook rss

«Leroy Merlin» ЖШС

2018 жылдың тамыз айынан бастап, Қазақстанда DIY секторындағы (Do It Yourself – «Өзің жасай аласын» форматындағы тауарлар мен өнімдердің (жөндеуге, үйге, бақшаға және т.б. қажет) кең ассортиментін қамтитын гипермаркет) алғашқы «Leroy Merlin» («Леруа Мерлен») халықаралық гипермаркеті пайда болды.



Сауда орталығы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылындағы Ташкент тас жолының бойында орналасқан.

Гипермаркеттің ауқымында 30 мыңнан астам тауар түрлері бар. Сатып алушылар үшін дүкеннің жанында 700 орынды автотұрақ бар.


«Күн сайын төмен баға» тұжырымдамасын барлық Leroy Merlin дүкендері ұстанады. Бұл гипермаркеттің ерекшелігі - бұл қолайлы бағалар, олар бәсекелестерге қарағанда кемінде 5%-ға төмен. Бұдан басқа, тұтынушылар әрқашан өнім бойынша кәсіби кеңес ала алады, дайын шешімдер мен үй жақсарту жобаларын таба алады.


Үй, саяжай және бақшаның құрылысына, безендірілуіне және жетілдірілуіне арналған тауарларды сатуға мамандандырылған «Leroy Merlin» халықаралық компаниясы 1923 жылы Францияның солтүстігінде құрылды. Бүгінде тауар айналымы бойынша Еуропада бірінші орынға ие, сонымен қатар, бүкіл әлем бойынша 400-ден астам дүкендері бар.