horizon grammatica icon icon map search arrow rss twitter facebook apply twitter facebook rss

Жерді алу

Жер учаскелерін бөлу


2-тармаққа сәйкес. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабы - Жер учаскелерiн меншiкке немесе жер пайдалануға берудi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi осы Кодексте белгiленген өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

Жер учаскелрін алу және инвестициялық жобаларды іске асыру барысында жер қойнауын пайдалану құқығын аймақтық дәрежеде алу мақсатында мемлекеттік көмек түрлерін алу үшін өңірлік үйлестіру кеңесінің (ары қарай ӨҮК) шешімі негізінде жобаны инвестициялық деп тану керек.

Бұл жағдайда ӨҮК-нің оң шешімі берілсе инвестициялық жобаға жер учаскесін бөлу байқауға қатыспай-ақ тікелей келісім арқылы жүргізілетіндігін атап өткен жөн.

 

ӨҮК-не қажетті құжаттар:

1) Жобаның бизнес – жоспары;

2) Құрылтай құжаттары

3) Жобаның презентациясының слайды;

4) Жергілікті атқарушы органның (аудан әкімшілігі) осы учаскенің экспликация схемасымен қоса, сұралып отырған жер учаскесіне келісім берілетіндігі туралы хаты;

5) Жобаның қаржыландырылуы туралы анықтама.

 

Жобаға ӨҮК-нің оң шешімі қабылданғаннан кейін:

  1. Жобаның бастамашысы жергілікті атқарушы органға (жобаны іске асыратын аудан, қала әкімдігі) қажетті жер учаскесін бөлу туралы өтініш жазады. Өтінішпен бірге жер учаскесінің схемасын, орналасқан жерін және ӨҮК-нің оң шешімін де береді.
  2. Осы өтініш негізінде жерді беру комииссиясы құрылады және шешімі хаттамада толтырылады.
  3. Жерді беру комииссиясының сұралып отырған жер учаскесіне шығарған оң шешімінен кейін жерге орналастыру жобасы әзірленеді.
  4. Жерге орналастыру жобасы әзірленіп біткеннен кейін жергілікті атқарушы органның (жобаны іске асыратын аудан, қала әкімдігі) жер учаскесін беру туралы Қаулысы шығарылады.

Қаулы негізінде бөлінген жер учаскесіне Мемлекеттік Акт шығарылады, әділет органдарында тіркеледі.