horizon grammatica icon icon map search arrow rss twitter facebook apply twitter facebook rss

БЖК-2020 Жетіспеген инфрақұрылымды жеткізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы қаулысы.

Жетіспеген өндірістік (индустриалды) инфрақұрылымды шағын және орта кәсіпорындарға жеткізу.

Бағдарлама шеңберінде салуға және реконструкциялауға келесі инфрақұрылым жіберіледі:

  • су бұруды,
  • сумен жабдықтауды (сумен жабдықтау үшін ұңғыманы бұрғылау),
  • газдандыруды,
  • су таратқыштарды,
  • бу құбырларын,
  • жылумен жабдықтауды, өнеркәсіптік алаңдарға арналған қазандықтарды,
  • су құбырларын,
  • теміржол тұйықтарын,
  • теміржол кірме жолдары,
  • телефондандыруды,
  • кіші электр станцияларын,
  • электр тарату желілерін,
  • септиктерді,
  • бу-газ қондырғыларын,
  • баламалы энергия көздерін.

Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектісі аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкер объектісі аумағының ішінде инфрақұрылымды жеткізуге қаражат бөлу көзделмейді.

 

Шарттары:

1) Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай критерийлерге сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады:

жобаға инвестицияның көлемі 400 млн. теңгеден кем болмайды;

инфрақұрылым құрылысының (реконструкция) бағасы 100 млн. теңгеден кем болмайды.

2) Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу критерийлеріне сай келмейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

3) Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобасы құнының 50%-ынан аспауы тиіс.

4) Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің Бағдарламаның 1-тармағында көрсетілген критерийлеріне сәйкес келмейтін жобаларына инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

5) Бұл ретте шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу критерийлеріне сәйкес келетін жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.

6) Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджетінен құрылыс құнының кемінде 10%-ы көлемінде бірлесіп қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.

7) Құрылыстың жобалау алды (техникалық-экономикалық негіздемелер) немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге байланысты шығындарды республикалық бюджеттен қаржыландыруға жол берілмейді.

 

Өндірістік (индустриалды) инфраструктураны дамыту :

МИИДБ-да

Бағдарлама шеңберінде анықталған экономиканың басым

секторларында және өңдеуші өндірісте қызмет көрсететін кәсіпкерлер және моноқалалар, шағын қалалар және ауылдық жерлер үшін жүргізіледі.