horizon grammatica icon icon map search arrow rss twitter facebook apply twitter facebook rss

БЖК-2020 Сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау

БЖК-2020

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысы "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту.

  • Банктердің/Лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін субсидиялау.
  • Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.
  • Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және олармен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешекті ескермей есептеледі.
  • Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
  • Сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді. Банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін, мақсатты трансферттерді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілеріне беріп, субсидиялауды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражатынан жүзеге асырылады. 

Мақсатты аудитория:

Жеке және тиімді жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда салалық шектеулерсіз іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлап отырған кәсіпкерлер.

Шарттары:

Жобаны ӨҮК-ге шығарғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім бірінші кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) және Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес келетін банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер субсидиялауға жатады.

Өнеркәсіптің шектеулері:

Негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге арналған кредит шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті жаңарту мүмкіндігінің шарты ӨҮК шешімінде көрсетілуге тиіс.

Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерді субсидиялау жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылатын, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит. Бұл ретте қалпына келтірілетін негізде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттерді субсидиялауға рұқсат етіледі.

Шағын және орта бизнес субъектілерің жеке микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау.

 Шағын кәсіпкерлік субъектілері микроқаржы ұйымдарынан бюджеттен тыс көздерден алған микрокредиттер микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялауға жатады.

Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды салалық шектеулерсіз шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда іске асыруға берілетін жаңа микрокредиттер бойынша қаржы агенттігі жүзеге асырады.

Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды қаржыландыру уәкілетті органның қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін бөлінген қаражаттың барлық сомасын аударуы жолымен республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Беру шарттары:

Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын микрокредиттер сомасы бір кәсіпкер үшін 10 млн. теңгеден аспауға тиіс.

Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 20 %-дан аспайтын микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады, олардың 10 %-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын шағын кәсіпкерлік субъектісі төлейді. Бұл ретте «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға дайындық мақсатында көрмелерге, симпозиумдарға, көрсетілімдерге, конкурстарға қатысуға алынған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің микрокредиттері бойынша субсидиялау мөлшерлемесі 14 %-ды құрайды. 

Өнеркәсіптің шектеулері:

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында регламенттеледі.