horizon grammatica icon icon map search arrow rss twitter facebook apply twitter facebook rss

Инвестициялық преференциялар

Кедендік баждарды салудан босату

Инвестициялық жобада (ҚР «Инвестициялар туралы» Заңының 1-бабына сәйкес концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған өндірісін қоса алғанда, жаңа өндiрiстер құруға, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтiн iс-шаралар кешенi).

 

Кедендік баждарды салудан босату:

- технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының бес жылдан аспайтын мерзімге импорттау кезінде;

- тіркелген активтерге инвестициялардың көлеміне қарай технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың бес жылға дейінгі мерзімге импорттау кезінде.

 

Мақсатты аудитория:

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы – Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен құрылған заңды тұлға, оның ішінде шетелдік қатысуымен құрылған заңды тұлға.

 

Беру шарттары:

Инвестициялық преференциялар инвесторға Кәсіпкерлік Кодекстің 292-бабында көзделген, инвестордың қойылатын талаптарға сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар ұсынылған кезде берiледi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 Қаулысы «инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесі».

Инвестициялық басым жобада ( инвестициялық басым жоба – тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен белгілі бір қызметтің басым түрлері бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға іске асыратын және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жоба).

Кедендік баждарды салудан босату:

- технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының бес жылдан аспайтын мерзімге импорттау кезінде;

- тіркелген активтерге инвестициялардың көлеміне қарай технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың бес жылға дейінгі мерзімге импорттау кезінде.

Мақсатты аудитория:

Республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген күні қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң кемінде екi миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыратын, инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген күні әрекет ететiн Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы алушы болып табылса беріледі, оған:

- Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдары;

- Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдары қосылмайды.

Беру шарттары:

- Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің үлесі жиырма алты пайыздан аспаса, беріледі.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығуға міндетті. Бұл шарт орындалмаған жағдайда, инвестициялық преференцияларды қолдану Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан ол (олар) толық шыққанға дейін, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.

Тоқтатыла тұрған кезең ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығу туралы шартты орындамау инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және бұрын берілген инвестициялық преференцияларды қайтаруға әкеп соғады;

Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретінде мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің үлесі елу пайыздан кем болатын квазимемлекеттік сектор субъектісі өз қызметін көмір қабаттарындағы метанды өндіру жөніндегі инвестициялық басым жобаны іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын жағдайда қолданылмайды;

- инвестициялық басым жобаны iске асыру үшiн қаржыландыру көздерi не кепiлдiктерi ретiнде бюджет қаражаты тартылмаса;

- инвестициялық қызмет мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберiнен тыс жүзеге асырылса, беріледі.

Инвестициялық преференциялар инвесторға осы Кодекстің 292-бабында көзделген, инвестордың қойылатын талаптарға сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар ұсынылған кезде берiледi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 Қаулысы «инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесі».

 

Мемлекеттiк заттай гранттары

1. Мемлекеттiк заттай гранттарды осы Кодексте белгiленген тәртiппен инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен және (немесе) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органмен, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдармен келiсу бойынша, инвестициялық келiсiмшартқа сәйкес инвестициялық мiндеттемелер орындалған жағдайда уақытша өтеусiз пайдалануға не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсына отырып, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз бередi.

2. Мемлекеттiк заттай гранттар ретiнде:

жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшейтiн және реттейтiн аспаптар мен құрылғылар, көлiк құралдары (жеңiл автокөлiктi қоспағанда), өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандар берiлуi мүмкiн.

3. Мемлекеттiк заттай гранттарды бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен олардың нарықтық құны бойынша жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғары мөлшерi Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тiркелген активтерiне салынатын инвестициялар көлемiнiң отыз пайызынан аспайды.

Егер сұрау салынған мемлекеттiк заттай гранттың бағаланған құны көрсетілген ең жоғары мөлшерден асып түскен жағдайда, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының сұрау салынған мүлiктi оның бағаланған құны мен мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғары мөлшерi арасындағы айырманы төлеп алуға құқығы бар.

Инвестициялық субсидия

Соңғы өнім:

құрылыс-монтаж жұмыстарына және жабдық сатып алуға арналған, іс жүзіндегі шығындардың орнын отыз пайызға дейін өтеу арқылы беріледі.

 

Мақсатты аудитория:

Республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген күні қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң кемінде екi миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыратын, инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген күні әрекет ететiн Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасы алушы болып табылса беріледі, оған:

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңнамасына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдары;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдары қосылмайды

 

Беру шарттары:

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің үлесі жиырма алты пайыздан аспаса, беріледі. Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретіндегі мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің қатысуы инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі бес жыл ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығуға міндетті. Бұл шарт орындалмаған жағдайда, инвестициялық преференцияларды қолдану Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан ол (олар) толық шыққанға дейін, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады. Тоқтатыла тұрған кезең ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшылары және (немесе) қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығу туралы шартты орындамау инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және бұрын берілген инвестициялық преференцияларды қайтаруға әкеп соғады; Осы тармақшаның ережелері Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) ретінде мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің үлесі елу пайыздан кем болатын квазимемлекеттік сектор субъектісі өз қызметін көмір қабаттарындағы метанды өндіру жөніндегі инвестициялық басым жобаны іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын жағдайда қолданылмайды;

- инвестициялық басым жобаны iске асыру үшiн қаржыландыру көздерi не кепiлдiктерi ретiнде бюджет қаражаты тартылмаса;

- инвестициялық қызмет мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты шеңберiнен тыс жүзеге асырылса, беріледі.

Инвестициялық преференциялар инвесторға осы Кодекстің 292-бабында көзделген, инвестордың қойылатын талаптарға сәйкес келетiнiн растайтын құжаттар ұсынылған кезде берiледi.

Өнеркәсіптің шектеулері:

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 Қаулысы «инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесі»

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРЕФЕРЕНЦИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

 

1. Инвестициялық жоба (оның ішінде инвестициялық басым жоба) бойынша инвестициялық преференциялардың мынадай түрлері беріледі:

- кедендік баждарды салудан босату;

- Технологиялық жабдықтың және оның жинақтауыштарының импорты кезiнде, бiрақ инвестициялық келiсiмшарт тiркелген кезден бастап бес жылдан аспайтын мерзiмге берiледi.;

- Технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерiнiң импорты кезiнде бес жылға дейiнгi мерзiмге кедендiк баж салудан босату тiркелген активтерге салынатын инвестициялардың көлемiне қарай және инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берiледi.

- Мемлекеттiк заттай гранттар:

- Мемлекеттiк заттай гранттар Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны iске асыру үшiн уақытша өтеусiз пайдалануға берiле отырып, не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсыныла отырып, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз берiлетін мүлiкті білдіреді.

- Мемлекеттiк заттай гранттың ең жоғары мөлшерi Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тiркелген активтерiне салынатын инвестициялар көлемiнiң отыз пайызынан аспайды.

2. Инвестициялық басым жоба бойынша қосымша беріледі:

- салықтар бойынша преференциялар;

- есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту;

- жер салығы мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану;

- мүлік салығын салық базасына 0 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеу;

- Инвестициялық субсидия

құрылыс-монтаж жұмыстарына және жабдық сатып алуға арналған іс жүзіндегі шығындардың орнын 30 пайызға дейін толтыру арқылы беріледі.

Инвестициялық преференциялар беру шарттары:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы»  қаулысымен бекіткен басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген қызмет түрлерi бойынша инвестициялық жобаны iске асырған кезде инвестициялық преференциялар берiледi.

2. Инвестициялық преференциялар:

1) инвестициялық жоба бойынша – Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына;

2) инвестициялық басым жоба бойынша – Қазақстан Республикасының жаңадан құрылған заңды тұлғасына;

Анықтама үшінИнвестициялық басым жоба деп тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен қызметтiң белгiлi бiр басым түрлерi бойынша жаңадан құрылған заңды тұлға iске асыратын және республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және инвестициялық преференциялар беруге өтiнiм берiлген күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштiң кемінде екi миллион еселенген мөлшерiнде инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтiн инвестициялық жоба түсініледі.

Инвестициялық басымдықты жоба бойынша инвестициялық преференциялар Қазақстан Республикасының Іскерлік кодексінің 286-бабының 2-тармағының қосымша талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Инвестициялық преференциялар инвестициялар жөніндегі уәкiлеттi орган мен инвестициялық жобаны iске асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арасында жасалған инвестициялық келiсiмшарт негiзiнде берiледi.

Инвестициялық преференцияларды алу үшін қажетті құжаттар:

Инвестициялық преференцияларды алу үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрліктің Инвестициялар комитетіне Инвестициялық преференцияларды беру туралы өтінімді* және келесі құжаттарды жолдайды:

1) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

2) заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған заңды тұлға жарғысының көшірмесі;

3) инвестициялық жобаның бизнес-жоспары*;

4) инвестициялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған көшiрмелерi;

5) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттiк заттай гранттың мөлшерiн (құнын) және оны беру алдын ала келiсiлгенiн растайтын құжаттар;

6) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының анықтаиасы.

Егер инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімде инвестициялық субсидия беру көзделген жағдайда, заңды тұлғасы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құжаттардан басқа, заңды тұлға басшысының қолтаңбасымен, мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптама қорытындысы бар жобалау алдындағы құжаттаманы ұсынады.

* Инвестициялық преференцияларды беру туралы өтінім нысаны және бизнес-план жасау бойынша талаптар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1133  бұйрықпен бекітілген.