horizon grammatica icon icon map search arrow rss twitter facebook apply twitter facebook rss

Бәсекелестік артықшылығы Алматы облысы

Жетісу – Қазақстанның інжу-маржаны.

Облыс республикамыздың оңтүстік шығысында орналасқан, Қазақстан Республикасы аймағында 1932 жылы құрылған.

Географиялық орналасуы

Республикамыздың ең ірі қаласы Алматы қаласына жақын орналасуы облысымыздың артықшылықтарының бірі. Осы фактордың арқасында облыс өндірушілері 4 млн адамнан тұратын нарыққа шыға алады. Облыс шығысында ҚХР-мен (СУАР) , оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен (Шу және Ыстық көл областары) шектеседі. Шекарасы арқылы транзитті авто және темір жол дәліздері өтеді. Салынып жатқан Батыс Европа- Батыс Қытай автомагистралінің арқасында тарихи «Жібек жолы» жолдарын қайта жаңғыртылмақ. 2020 жылы транзиттен түсетін кіріс жылына 1-ден 2,8 млрд.долларға дейін жетеді деп жоспарлануда. Алматы облысының жер көлемі 223,792 мың км2 немесе республиканың 6,1%-ын құрайды. Ауыл шаруашылығына арналған жер көлемі 7832,0 мың га.

 

Ресурс базасы.

Облыстың ресурстық базасын түрлі-түсті металл – қорғасын, цинк, мыс; сирек кездесетін металлдар –вольфрам, қалайы, молибден,бериллий; асыл металдар – алтын және күміс, энергетикалық қоңыр көмір кен орындары, құрылыс материалдары құрайды. Облыста 34 түрлі химиялық құрам мен температурадағы минералды сулар анықталған және минералды су өндіруден перспективасы жоғары. 2 термальды су көзі, 2 артезиан бассейні бар: мезозой шөгінділерінен түзілген термалды сулардан тұратын Алматы және Жаркент бассейндері.

Облыстың ең ірі өзедері - ауданы 1155 кв.км-ді құрайтын Қапшағай су қоймасы салынған Іле өзені (ұзындығы 811 км), Қаратал (390км), Ақсу (316км), Лепсі (147 км) өзендері Балқаш-Алакөл бассейніне тиесілі. Ірі көлдері – Балқаш, Алакөл, Сасықкөл.


 

Арнайы Экономикалық аймақ және индустриялық аймақтың дамуы

Алматы облысы, Панфилов ауданында орналасқан «Қорғас –Шығыс қақпасы» АЭА дамытылуда, жерінің көлемі 5740га құрайды. АЭА-тың негізгі компоненттері:

«Қорғас» ШЫХО

– сауда-көрме кешендер желісі және келіссөздер алаңы;

Көлік-логистикалық кешен ретінде құрғақ порт;

өндірістік кәсіпорындар кешені ретінде индустриалды аймағы. (sezkhoros сайтына сілтеме)

Талдықорған қаласында жалпы көлемі 594,9 га құратын «Талдықорған» индустриалды аймағының инфраструктурасын құруға байланысты жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар тағы да 4 индустриалды аймақ құрылуда. Олар: «Қазыбек бек» - 1000 га, «Арна» - 1303 га, «Боралдай» - 601,76 га, «Қайрат» - 196га, «Береке» - 383,3 га.